1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Енді көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу Қордың бірыңғай жүйесінде еліміздің барлық 20 өңірі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте экстерриториялық қағида мен үш кезеңнен тұратын апелляция мүмкіндігі қолданылады. Алдында хабарланғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу рәсімдеріне ауқымды өзгерістер енгізуде. 2025 жылдың 17 наурызында «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі арқылы Медициналық көмекті төлеудің бірыңғай жүйесі аясында мониторингтің пилоттық жобасы іске қосылды.

«Басты өзгерістердің бірі – мониторингке қатысты барлық процестердің Қордың бірыңғай ақпараттық жүйесі аясында біріктірілуі болды. Бұған дейін жұмыс бірнеше бөлек платформалар арқылы жүргізіліп, бұл деректерді бақылау мен өңдеу ісін қиындатты. Орталықтандырылған цифрлық жүйеге көшу – денсаулық сақтау саласындағы автоматтандыру мен цифрландыруды дамыту жолындағы маңызды қадам», – деді Қордың басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов.

Пилоттық жоба бастапқыда Ақмола облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылды. Тестілеу барысында форматтық-логикалық бақылауды қолдану талданды. Ақауларды анықтау алгоритмдерін жетілдіруге өзгерістер енгізіліп, медициналық ұйымдар тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша келіспеушілік білдіру негізділігі тексерілді.

Мамыр айында жобаға тағы 8 өңір қосылып, 2-ші маусымнан бастап қалған 11 өңір, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар да пилотты жүйеге көшті.

Қорда атап өткендей, мониторинг жүргізу барысында тәсілдерді оңтайландыру қарастырылған. Яғни, мониторинг түрлерінің саны қысқарады, бастапқы бақылаудың сапасын арттыру және бірыңғай талаптарды енгізу арқылы анықталатын ақаулар саны азаяды.

Ашықтықты арттырып, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін экстерриториялық қағида енгізіледі. Бұл – бір өңірдегі жеткізушіні басқа өңірлердегі Қор мамандарының тексеруі деген сөз. Мұндай тәсіл бағалау нәтижесінің объективтілігін арттырып, тексеру қорытындыларына деген сенімді күшейтеді.

Мұндағы жаңашылдық үш кезеңнен тұратын апелляция жүйесі болмақ. Медициналық ұйымдар мониторинг нәтижелері бойынша өз ескертулерін ақпараттық жүйе арқылы тікелей жолдай алады. Мысалы, Ақмола облысындағы пилот кезінде жеткізушілердің 30 пайыздан астам шағымын Қор қабылдаған. Мұндай тәсіл ашықтықты қамтамасыз етіп, тараптар арасында диалог пен сатып алу шарты аясындағы әріптестік қатынастарды дамытуға жол ашады.
04.06.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу